ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

«Лап бергіш, көті айналғыш, қайта ойланғыш,»-демекші...

Бекболат Тілеуханның Білім Министріне айтқан наразылығын естігенде тұла бойым шымырлағаны бар. Шынымен Әліппеге неге шүйлікті екен білім министрлігіндегілер?! Талай ұрпақты өсірген әліппе, қазақтың қанына біткен оқулық емес пе еді? Мектептің табалдырығын жаңа аттаған баланы "сауатсыз" қылып, "сауатын ашудың" қаншалықты қажеті бар? Шаш ал десе, бас алатын атқамінерлердің білім жүйесін түбегейлі өзгертудің жолы осы ма? Әй, әйтеуір өзіндік бірдеңе қосу керек қой.

Оқулықтардың қиындығы мен қателерін ойласам, мектеп оқушыларына жаным ашып кетеді. Інімнің сабағына көмектесейін десем, өзіме көмек керек болып қалатыны бар. Шынымен де, "Әдейі істейді ме? Әлде ақымақ па осыны істеген адамдар?" Әліппе - Сауат ашу болса, Сауат ашу - Ана тілі болса, Ана тілінің орнына не болады екен???

5000 астам мұғалім қатысып 300 астам оқулықты 6 ай бойы сайтта тұрған оқулықтарды кезекпен барып дұрыстап қарайық, халайық!!!)))

Айта, айта тізесі шығатын болды... Өтініш: ӘЛІППЕМІЗДІ ҚАЙТАРЫҢЫЗДАРШЫ!!! Ал сіз не дейсіз?