Колледж оқушыларымен кезекті кездесу
Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Е. Тұмабековпен "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның" негізгі бағыттарын, Елбасының халыққа арналған " Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты жолдауының басты мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру барысында Тараз қаласының № 12 колледжінің оқушыларымен кезекті кездесу өткізілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталып өтті.
