Кіші футболдан турнир өтті!!!!
9 мамыр – Ұлы жеңіс күніне орай «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Дені саудың - жаны сау» тақырыбында кіші футболдан облыстық турнир өтті.

Жарысқа қалалық және аудандық бөлім қызметкерлерінің 14 құрама тобы қатысып, бақ сынады. Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан жан-жақты жағдайлар жасалды. Жарыс қорытындысы бойы жалпы топтың жинаға балы бойынша жүлделі 1 орынға - Тараз қалалық бөлімі, 2 орынға - Қордай ауданы, 3 орынға - №3 бөлім құрама топтары ие болды. Жеңімпаздарға қаржылай сылықтар табыс етілді.

