ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Өкінбен!...

Мен бір қазақтай әлем әдебиетін, әлем поэзиясын білем. Небір ғажап дүниелер бар онда. Әсіресе рухты бекітетін жапонның «Хагакурэ»-сі, Хокку мен Танка-сы, Лонгфелло-ның «Гайавата жыры»... тағысын тағы, толып жатыр кереметтер... бірақ мынадай рухты бекітіп қана қоймай, оны әспететтейтін, шыңдайтын дүниелер, кесіп айтам, кездестірмедім:

... Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес,

Кілең бұздай кілшейтіп,

Көбелер киген өкінбес,

Жұпарын қардай боратып,

Арулар құшқан өкінбес, - !!!!

Торы төбел ат мініп,

Той тойлаған өкінбес,

Құрама шаппақ көп қымыз

Құйып ішкен өкінбес,

Екі арыстан жау шапса,

Оқ қылқандай шансылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Бетегелі сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес!

(Аймадет Ер Доспамбет, XV ғасыр)