Әкімшілік тәжірибенің рәсімдерін автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың барысы туралы
А.ж. 26 мамырда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті дамыту мақсатында Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында Департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллиннің қатысуымен «Әкімшілік тәжірибенің рәсімдерін автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың барысы туралы» дөңгелек үстел өткізілді.
Отыры барысында Д. Хайруллин мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдауын жүргізудің негізгі әдіс-тәсілдерін түсіндірді.
Іс-шараның аяғында ішкі істер органдары саласында сыбайлас жемқорлық көріністерін болғызбау жөніндегі міндеттер қойылып, конструктивті ұсыныстар берілді.
