Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үкімет отырысында білім беру саласын жетілдірудің жүйелі мәселелері қаралды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім беру саласын жетілдірудің жүйелі мәселелері қаралды.

Осылайша, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында білім беру мазмұнын жаңғырту, оның жаңа инфрақұрылымын құру, педагогтар мен білім алушыларды әлеуметтік қолдау бойынша шаралар әзірленді:

➡️ 2024 жылға қарай педагогтардың жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы 2 есеге ұлғаяды. 800 жаңа мектеп салынып, 5000 ауыл мектебі жаңғыртылады. Колледждерде 9-сынып негізінде оқу толығымен тегін болады. Колледждерді бизнеске сенімді басқаруға беру тәжірибесі жалғасады (қазіргі уақытта 10 колледж берілді).

➡️Университеттердің білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде 100% жаңартылады, бұл түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттырады. Талантты жастардың елден кетуін қысқарту мақсатында шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарлануда.

➡️Отандық 20 жетекші ЖОО өңірлердің өсу нысанасына айналады. Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша инновациялар мен жаңа технологияларды дамытумен айналысатын екі озық ЖОО құрылатын болады.

➡️ Жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейінгі гранттар саны 50%-ға артады. Жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді, ал 500 қазақстандық ғалым әлемнің танымал ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады.

➡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жылдың сәуір айында белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, қазақстандықтардың өз бетінше оқу нәтижелерін тануды көздейтін Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы қабылданады.

🔗𝐩𝐫𝐢𝐦𝐞𝐦𝐢𝐧𝐢𝐬𝐭𝐞𝐫.𝐤𝐳

@nur_otan

0
0
194

Осы тақырып бойынша

Үкімет отырысында білім беру саласын жетілдірудің жүйелі мәселелері қаралды. - Yvision.kz