Кэтрин Фитцпатрик «Менің атым Қожаны» ағылшын тілінде сөйлетпек
Балалар әдебиетінің жауһарына айналған «Менің атым Қожа» повесінің де жарық көргеніне 60 жылға жуық уақыт болды. 1957 жылы жазылған балалар әдебиетінің озық туындысы украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылған еді. Енді «Менің атым Қожа» ағылшынша да сөйлейтін болады.

