Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру
Қазіргі таңда қандай маман саласы болмасын біліктілігін арттыру үшін диплом алып, өз білімдерін жетілдіретіні бәрімізге мәлім. Осыған баланысты бүгін сіздерге ұсынатын ХҚКО – ның тағы бір мемлекеттік қызметі «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» жайлы болмақ.
Ол үшін қызмет алушы төмендегідей құжаттар топтамасын ХҚКО- ға ұсынса болғаны:
- еркін нысандағы өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) көшірмелері;
- жүзу өтiлiн растайтын құжат;
- кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы;
- мөлшері 3,5х4,5 см екі фотосурет.
Қызметті алушы салыстыру үшін оратлық инспекторына құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. ХҚО-ға құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қызмет алушыға емтихан өткізу мерзімдері туралы хабарлама жібереді, ал диплом беру ақысыз негізде - 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезек броньдалу мүмкіншілігі бар.
Құрметті оқырмандар толық ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО-ға жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.
