«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру туралы» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО) арқылы осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 және «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz ;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері :
1) ХҚО аудандық бөлімге жүгінген кезде куәлікті беру – жеті жұмыс күн (құжаттарды уәкілетті органға 2 күнде және орындалған документтерді ХҚО-ға 2 күнде жеткізу мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
2) ХҚО облыстық филиалына жүгінген кезде куәлікті беру жеті жұмыс күн (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезде ХҚО-да кезекте күтудің рұқсат етiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
4) куәлiкті алу кезінде алу кезінде ХҚО-да кезекте күтудің рұқсат етiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн болып табылады.
9. ХҚО мемлекеттік қызмет, жексенбі және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, ХҚО белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiктері шектелген адамдар үшін пандус орнатылған күту залы және толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты орны бойынша ХҚО ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.
