ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Кедергісіз келешек» жобасы бойынша рейд

«Nur Otan» партиясы партиялық жобалардың тиімділігін барынша арттырып, ауқымды іс-шаралар атқару жолында нәтижелі жұмыстар атқаруда. Аталмыш партия қызметін жаңғырту жұмыстарының аясында бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар қарқынды жүргізіліп, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға арналған іс-шаралар да тұрақты қолға алынуда. Атап айтқанда, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы білім алуына, олардың жұмыспен қамтылып, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына және елімізде кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық беріп отырмыз. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша көптеген тың идеялар жүзеге асырылып жатыр. Аталған жұмыстар тек орталық деңгейде емес, ауыл-аймақтарда да сәтті іске асырылуда. Осы орайда бүгін, «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық партия филиалы мүгедектерге арналған әлеуметтік инфрақұрылымның бейімделуін тексеру мақсатында бірқатар мекемелерге тексеріліс жұмыстарын жүргізді. Соның бірі Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тексеріліс жүргізілді. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов және Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Кибраева, және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында тексеріске шығатын комиссия мүшесі С.Жакупова қатысты. Тексеріліс барысында пандустардың құрылыс нормасы мен ереже талаптарына сәйкестілігі назарға алынып, сонымен қатар олардың нормативтік талаптары бойынша мекеме өкілдеріне анықталған кемшіліктер бойынша ескертіліп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді Мониторинг жұмыстары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарға стандарттық талапқа келтіруге ұсыныстар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Панфилов ауданы бойынша 158 мекеме паспорталған, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жоспары бойынша пандус 60 мекемеде бейімделген, бейімдеуге жататындар 68, бейімделуге жатпайтын 30. Мемлекеттік ұйымдар: бейімделген 8, бейімдеуге жататындар 9, бейімделуге жатпайтын 9. Білім беру бойынша: бейімделген 23, бейімдеуге жататындар 38, бейімделуге жатпайтын 3. Денсаулық сақтау бойынша: бейімделген 15, бейімдеуге жататындар 2, бейімделуге жатпайтын 2. Спорт бойынша: бейімдеуге жататындар 2, бейімделуге жатпайтын 2.Мәдениет бойынша: бейімделген 7, бейімдеуге жататындар 17, бейімделуге жатпайтын 7. Мемлекеттік емес ұйымдар: бейімделген 6, бейімдеуге жатпайтын 8. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының саны алдағы 2021 жылдың жоспары бойынша 35 орынға жоспарланған, 26 білім мекемесіне, 9 ауылдық әкімдік мекемелерге бөлінген.