Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері аудандық білім мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш мониторинг топ құрамында, Панфилов аудандық маслихат депутаты Досмаилов Қанат Нүркешұлы, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Нуптибеков Мурат Әлтайұлы, аталған мекемелерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, пандустарға бөлінген қаражатын мақсатты игерілуі бойынша мониторингтік жұмыс атқарылды.

Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

#Кедергісізкелешек

0
0
137

Осы тақырып бойынша

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында - Yvision.kz