Кандидаттар ел ішінде
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Э.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телагус , аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Байжан, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», батагөй ақсақал Шаймұрза Байпақовтың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айтты. Алда келе жатқан саяси доданың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген Ш.Байпақов ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
