Кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу
Бүгін «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалынан ұсынылған бірқатар үміткерлер аудандық кәсіподақ ұйымдарының көшбасыларымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының 5 жылға бекітілген 7 басымдықтан тұратын аудандық бағдарламасын таныстырды.Бағдарламада көрсетілген алдағы атқарылар жұмыстарды нақты атап өтті. Кездесу барысында үміткерлер сайлаушылардың тарапынан түскен өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта сайлау нәтижесімен депутат болған жағдайда бұл мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Аудан тұрғынынан түскен әрбір ұсыныс-пікір партияның басты назарында болады. Халықтың әл-ауқатын көтеріп, елімізді дамыту партияның басты мақсаты. Өз кезегінде жиынға қатысушы кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары партия тарапынан ұсынылған үміткерлерге жолдары ақ, сәттілік серік болуын тілеп, «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.
