Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Күрсініс

Кей - кейде күрсініп ап отырамын,
Қалмауға ұлы көште асығамын.
Тоқтамай алға қарай жүру үшін,
Жігерімді жүректен шақырамын.

Өмірдің заңы солай жоқтамастан,
Сырғыиды судай ағып тоқтамастан.
Қалмасын алар кезде сыбағамды,
Сөз мылтығы қаламда оқталмастан.

Айтайын сырларымды ғасырлардан,
Тоқтамай өткен кезді асулардан.
Ғибрат болама деп болашақта,
Жастарыма жазайын жасырмастан.

 
0
0
207

Осы тақырып бойынша

Күрсініс - Yvision.kz