Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру
«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ХҚКО арқылы немесе «Электронды үкімет» порталы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері ХҚО-ға құжаттарды тапсырған (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), сондай-ақ портал арқылы жүгінген сәттен бастап – бес жұмыс күнінен кешіктірілмейді дайын болады.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ХҚО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан (ата-анасынан), бала асырап алушылардан, қорғаншылардан немесе қамқоршылардан, патронат тәрбиешілерден және басқа да оларды алмастыратын тұлғалардан (бұдан әрі – заңды өкілдерден) өтініш;
заңды өкілдерден кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініш не кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініші;
тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның оқу орны әкімшілігінің қатысуымен еркін нысанда жазылған жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жасауға оқу орны берген анықтама-келісімі;
мәмілелерді ресімдеуге келмеген зайыбының (жұбайының) атынан нотариус растаған сенімхат, егер зайыбы (жұбайы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлік;
баланың туу туралы куәлігі (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігі (некеге 2008 жылға дейін тұрған немесе бұзылған жағдайда);
аумақтық әділет органдарынан № 4 нысандағы анықтама (бала 2008 жылға дейін некесіз туылса);
жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттар.
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
заңды өкілдерден кепілді тұрғын үйді беру туралы нотариалды расталған өтініштің не кепілді тұрғын үйді беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтінішінің электронды көшірмесі;
тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның оқу орны әкімшілігінің қатысуымен еркін нысанда жазылған жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жасауға оқу орны берген анықтама-келісімінің электронды көшірмесі;
мәмілелерді ресімдеуге келмеген зайыбының (жұбайының) атынан нотариуспен расталған сенімхаттың электронды көшірмесі не қайтыс болуы туралы куәліктің электронды көшірмесі;
баланың туу туралы мәліметтері (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
некеге тұру немесе бұзу туралы мәліметтер (некеге 2008 жылға дейін тұрған немесе бұзған жағдайда);
аумақтық әділет органдарынан № 4 нысандағы анықтама мәліметтері (бала 2008 жылға дейін некесіз туылса);
жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттар.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
"ХҚКО" РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы
№2 қалалық бөлімі
