Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көкшетау қаласының оқушылары жемқорлыққа қарсы!

А.ж.14 қарашада Көкшетау қаласының №4 орта мектебінде 10-11 сынып оқушылары дайындаған «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында пікірталас сабағы өтті.

Іс-шараның мақсаты: мектеп оқушыларының назарын құқықтық мәдениеттің жеткіліксіздігіне және өскелең ұрпақтың бойына ашық қоғам нормалары мен әлеуметтік құндылықтарға сәйкес келмейтін құбылыс ретінде жемқорлықты қабылдамау қасиетін тәрбиелеу.

Шараға Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты.

Оқушылар пікірталасқа қызу қатыса отырып, аталған мәсеелер бойынша өздерінің ой-пікірлерін көрсете білді. Атап айтқанда, жемқорлықтың таралу себептерінің әлеуметтік-экономикалық салаға тигізетін зиянын көрсетті, өскелең ұрпақтың осықылмыскерлік іс-қимылға қарсы қозғалыстағы атқарар рөлін атап өтті, жемқорлықтың пайда болу тарихын, тарихтың түрлі кезеңдеріндегі онымен күресу жолдарына тоқталып өтті.

«Синквейн» түрінде орындалған бірнеше тапсырманы орындау барысында оқушылардың үш тобы аталған мәселе жөніндегі білімдерін көрсетті, өздерінің тәуекелдерді азайту және жемқорлықты құбылыс ретінде  жою жөніндегі өздерінің көзқарастарын білдірді.

Кездесу соңында оқушылар: «Біз қандай да болсын жемқорлық қарым-қатынасқа түспейміз, себебі біз өзімізге пайда іздемейміз, адамдар арасындағы адал және парасатты қарым-қатынасты қалаймыз», - деп жұмыстарын қорытындылады.

Әңгіме барысында оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған  мектептің  «Адал ұрпақ» клубының жұмысы аталып өтті.

         
0
0
597

Осы тақырып бойынша

Көкшетау қаласының оқушылары жемқорлыққа қарсы! - Yvision.kz