Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

IV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

IV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Кез келген жаратылыс нәрселерін, қозғалыстық қуаттық өлшемдермен, уақытың да сырын меңгеру үшін де үш өлшемді бейнеден қарастырылған ұғымдарын салыстырып түсіну Раббымыздан біздерге шартты міндетті үкім. «Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жартаттық.» (51-49) Бұл аяттағы  сандар жүйесі,  негізгі жаратылыстың қуаттарының өлшемдік бірлігін береді. 40-сандық мәні жұптылықтың, 9-саны тақтылықтың және жұп пен пардың дәржеленуімен белгілі болмақ. Ал 50-саны бес қуаттың 10-санымен дәрежеленуі және бірлікпен қосындысы болып, нәтижесінде 50+49 =100 –Алланың жүзі белгісін береді. Әрбір жаратылыстың пар болуы және оның оң мен сол жағының және мұның көлеңкесі физикалық, химиялық, биологиялық тұрғыда 3-түрлі өлешемі мен көместе тағы пары болумен белгілі болмақ. Негізінен барлық қозғалыстың тақтық жүйеде 9-санымен нәтижеленіп отыратында естен шығармаңыз. Сондықтан қазақта; «Үйірмен үш тоғыз» деген астарлы нақыл бар.  Құранның да сөз ғылымы тұрғысында арап елдеріне оңнан солға, біздерге солдан оңға және құраның жұбы кітабы ғайыпта, көместе болғандақтан біздердің қандайда бір болмысты, сөздің атауын, белгілі бір ұғымды да айқындау үшін; көместік, ғайыптық  ақпаратқа, кітапқа, шындыққа жүгініп отыруымыз да шарт. Олай болса, бұл жазбада зертеп отырған сенім және иманның да ерекшелігі түсінікті болу үшін, 3-түрлі сипатын білуіміз де міндетті болмақ. Қазірге таңдағы әлемдік тұрғыда діндердегі өз ара қақтығыс пен «экстремизмның» белең алып, артының бүлікшілдікке ұласуында да осындай сөздің астарын, сандық тұрғыда ғылымын зертемеуден бір ғана аяттың, хадистің үгітіне жүгініп, жұп және парлық қағидасын сақтамай пәтуаға шығырудан, насихатының білімін жоғалтудан пайда болған десек жалған емес.

Сонымен қазақтың даналығында адамзаттың барлық өмірін қамтып тұратын негізгі үш байлықты ескертіп кеткен. «Бірінші  байлық –денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық, үшінші байлық-он саулық» болып, егер жеке –жеке бұл байлықтарды қарастырсақ; Бірінші байлық-Сенім; Екінші байлық-Иман; Үшінші байлық-Сана, деп атауға болады.  Және сенім-рұқпен, кітаппен;  Иман-жанмен, «Мен» сипатымен; Сана-Армен, бой кимі зейнетепен, рухпен таза ақылмен байланысты болатынын да және жұп парлық 9-санды толық жүйенің кісіліктің шығатынын көреміз. Жаның да негізнде 9-сипаты түрі болатынын, рұқтың 9-түрлі дарындылықтардан, қасиетіліктен де тұратынын да естен шығармаңыз. Олай болса 18-мың ғалам дегеніміздің сыры да рұқ пен жаның бірлігінен тұратын саналы ғалам тіршілік иелерін айтады.  Енді адамзатың толық ақылы болған 4-ақылдың он саулықпен дәржеленген 40-ошағын әуретті орындарын қазақ даналығында «Қырық қожа» деп атап; «Қырық қожа қырқадан аспай, тоғыз кісі төбеден келмей тектілік жетілмейді», деп ескерткен. Олай болса, біздердің уәде тұрғысында айтылатын; «иман келтірдім» деген ұғымға осындай барлық құндылықтарды меңгеруді меңзегенін және мұндай адамзатың толық сәждесін тек сенімділікті меңгерудің діндік рәсімдеріне байлап қойудың өзінде тажалдық білімнің әрекеті жатқанын білген де жөн. Имандылық қуаты -санмен ғана дәлденуге тәуелді болмақ. Сондықтан мұндай дәлдер, қасиеттер көзге түспейтін болғандықтан, адамдар өздерінің қандай қасиетерге ие екенін ұғына алмайды.  Имандылықтың негізі ар-ұятылық сезімдерін мойындап, онан күшті нәпсілік, құштарлық, құмарлық, тәкпарлық т,б сезімдерге бой алдырмаған жағдайда ғана біздер иманың жетегімен жүре аламыз. Және ұлттық ар, ұятылықтылықтың қазынасы болған, қан тегіміз- діліміздің, ақ жаулық байлықтың қасиетін, ана тіліміздің де қадірін ұғынып, қасиетін сақтай аламыз.

Ал ішкі жарығымыз имандылығымызды қорғап, сақтап күзетіп тұратын;Сенімділік атты күзетші қуатты меңгеру білімнің, біздердің барлық өміріміздің, тіршілік қамымыздың әрекетерін, тал бесікпен жер бесіктің арасын ғана қамтып қоймай, ұлтымыздың шежіресімен, сенімділкті меңгерген тарих тәжрибесіне сүйене отырып, ақиретке де сенімділіктің білімін қалыптастыру керек. Сенімділік қасиетінің; 11;81;9 сандық өлшемдерінен тұратын болса қосындысы 101 санымен яғни адамзатқа ортақ қарсылықтардан қара күштерді меңгерумен қазақ даналығында; «Жүз бір атты пәледен сақта Құдай» деп тілеген.  Және біздер осындай 3-түрлі сенімділік біліміміз арқылы ғана бір-бірімізді тануымызға, яғни өз ара туыстық қатысымыздың қалыптасуына жағдай жасап , туысқандық, ағайындық және ұлттар арасындағы үмметік қатынастың бір-біріне белгілі бір қажетілікпен, дүниеге мұқтаждықтан емес, керісінше белгілі мақсатпен танымдық тұрғыда ізгілікпен иман арқылы қарым-қатынаста болуды қалыптастыру керек.  Мысалға 11 санды белгіге тоқталсақ; 1. Бір дегенім білеу-Білім; 2. Екі дегенім егеу-еске алу-Естілік; 3.Үш дегенім үстік-үндік қасиет; 4. Төрт дегенім төстік-қол өнер; 5. Бес дегенім бесік-тербеліс; 6. Алты дегенім асық-қадам, адымдау; 7.Жеті дегенім желке-қасиет; 8. Сегіз дегенім серке-шеберлік; 9. Тоғыз дегенім торқа-түйін шешу; 10-Он дегенім оймақ-орта қоғаммен сәйкестілік; 11. Он бір- қара жұмбақ деп аталған. Себебі 11-санды құлшылық ісі сопылар таспихында белгіленіп және Мәсһүр Жүсіп атамыздың «Шайтанның саудасы» деген өлеңінде Ғиса пайғамабармен шайтаның 10-қашыр, бес есекке жүк артып базарға сатуын баяндайды. Міне осы жүрекке енетін жүктің 4-еуін ақылмен, иманмен байланысты меңгерсе, қалған 11-ін нәпсімен соғысу дін құлшылығы арқылы меңгеру керек. Масһаб білімнде мұны сенімді шыңдау намаз оқу, орза ұстап, зекер беріп сабырлықты меңгеру арқылы түсіндерсе, қазақ дәстүрінде Алла жолында мал жұмсау, ақталу, тазару, жер ана рухымен жалғану арқылы атқарылады.

Ал 81-ші сандық қасиеттің, сенімділік қуаттың адамзатың тағдырына байланысты қателіктерімен жасырын күнәларының және жын қуатын меңгерумен қатысты болып мұны әрбір пенденің тылсымнан өзінің күзетшісімен байланысты; аян, түстері арқылы берілген тапсырмаларды орындау арқылы атқарылатын құлшылықпен нәтижеленеді. Мұны дінде ақталу, тазару, ағару деп атайды. Ал 9-санды сенімділік қуатын меңгеруді; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген нақылға сәйкес танымдық ақылды меңгерумен, тылсымнан берілетін дарындылық қасиеттерді де меңгеріп, аманаттарды ақтаумен байланысты.  Мұндай жағдайда ақылдың жетілумен естіліктің адамзатың еркін, ойлау қабілетін қалыптасуымен және тәннің физикалық жарық сипаты, зейнет кимін денені, адамзаттың дендік, естілік саулығының нәтижесі бойдың қуатылығын сыртқы өрісімізді толық қалыптастырамыз. Бірақ іштегі жан сарайымыздың жарығы болып табалатын рухани егініміздің қуатын, жемісін өсіретін иман қуатынсыз тек сенімділік арқылы біздер бой жарығын зейнет кимін жетілдіре алмаймыз да. Сондықтан ішіміздегі қырық әуретік үй ошақты тазартуды; «Қырық қожаны қырқадан асыру» деп аталып, сеніммен иманға ортақ; «Тоғыз төрені төбеден келтіре аламыз»  Өмір сүру барысында адамзаттың еріктілігін, еркіндігін және ұлттардың арасындағы бір –біріне тәуелсіз қатынасты қалыптастыруға сенімен, иманың бірлігінің нәтижесінде қалыптасатын ұлттық наным деп аталатын намазымыздың құндылығының көрнісі Ар білімі, ұлттық намыстылық болып табылады. Данагөй бабаларымыздың, «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп атаудың өзінде, қазақтың ұғымындағы «Ар» қуатының, жарығының барлық адамзатың құндылығының өз ара махаббатпен қарым-қатынаста болу бірін-бірі танудың жоғарғы дәрежесі болып, бұл шартты бұзғанда, қалғандарының құндылықтардың бәрі де өзінен өзі жойылатын да білгендіктен, біздің барлық діндердің, насихаттардың, құлшылық әрекеттеріміздің сүзгісі Ар білімі болып, арлылық арқылы ғана пайымдалғанда ғана негізгі үш байлықты сақтауға дінімізді де таза ұстауға мүмкін болмақ. Ар қуатты Адамдық тұтастық болмысты және ғаламмен бір тұтас байланысты қалыптастырады.

Әр елдің салтары мен дәстүр ұстынымдарың және сөз ұғымдарындағы қарама-қайшылықтарының ерекшелігін сақтау арқылы ғана біздер иманымызды қорғайтын, таусылудан сақтайтын сенімізді қалыптастырып, оны өсіріп жетілдіретін иман, сенім, нанымға айналған, дәстүр болып қалыптасқан  барлық қуаттардың бейнесінің бірлігі болған Арымызды қалыптастыру үшін де аятта; «Көктер мен жердің жаратылуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар.» (30-22) Бұл аятқа түсінік тұрғысында пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі болады, бірі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деген өсиетінен, тіл білімі көкпен байланысты болса, ал діл білімі қандық тегімізбен, жермен ана тілімен де байланысты екені де хақ. Көктен түскен белгілерге мұғжиза, хикметтерге, уахи, түс көруімізге байланысты тіл білімі яғни жаратылыс танудан бастап, бүкіл пәндік білімдер өркениеті қалыптасуы керек. Ал әрбір ақыл иесі есті адам баласының өз ұлтының ділдік, тілдік ерекешелігін және ұлттық рухани тұрғыда ақыл-ойына ықпал ететін сезім мәдениетін, имандылығын қалыптастыратын және сенімділік тұрғысында  қандай қарам-қайшылықтарды да меңгеруге түсіріген белгілерді жол –жобаларын да меңгеру шарты екенінін осы аятпен растап тұр. Сезімдік қуаттардың белгілі бір дәуірге, тарихи оқиғалардың қайталануына, жаратылыс әлемінің түрленуіне, уақыттың жылдамдығына тәуелді болып, және жер ана рухымен тікелей байланысты болмақ. Мұндай жағдайда туған жер көк отанына байланысты, әрбір жеке –жеке адам баласының қабілетіне қарай, тағдырларының да заманға қарай беймеделуі болып, яғни бүкіл ұлтымыздың тарихи тұрғыда көтеретін жүгі, әлемдік тұрғыда өзге ұлттардан еркешелігі болатын руханияты қалыптасады. Сондықтан аятта;   «Әр үммет үшін үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Бұл іс (шариғат) жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің» (22-67) Сонымен сенімділік тұрғысында шариғат ісі ортақ болғанмен, ал имандылықты сезімдік мәдениетті, жандық өркендеуді көбейуді меңгеру, жетілдіру үшін әр ұлттың өзіндік жол жобасы және ол Мұхаммед пайғамбармыздың жеке өзіне берілген құпия аяттармен де байланысты екені де сөзсіз. Бұл жерде жалпы арап ұлты, немесе пайғамбарымыз кезінде дінді меңгеруге соңынан ергендердің бәрі тура жолда деп ескертпеген, тек қана жеке өзін; «Сен әлбетте тура жолдасың» деп ескерткен. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар (13-7)  Бұл аятпен әрбір ұлттың тілдік, ділдік еркешелігіне байланысты өз арасынан шыққан дінде жолбасшысының болуы шартты үкім болып, біздердің масһабты яғни Имам Ағзамды жол басшымыз және масһаб арқылы тура жол табамыз дегенің жалған, адасушылыққа бой ұруға себеп болатынына айқын дәлел болмақ. Және пайғамбарымызда; әдет-ғұрыптар Алланың болмысын мойындаудан, тарихи шежірелерді сақтаудан туындайтынын ескертіп; «Расында сендер өздеріңнің алдыңғылардың әдет-ғұрпын сүйем бе сүйем бе сүйем (қол ісі) кезбе кез (аяқ ісі, жермен жалғану) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе де оған кіресіңдер», деді. Біз, «Уа Алланың елшісі! Яһудилер мен християндарды айтып тұрсың ба? деп сұрған едік, Ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айтты.» (1378-ші хадис) Олай болса, қазақтың дәстүріндегі «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген өлілерге иман тілеп, тірілерге сеніміздің берекетін сұрайтын құлшылылғымыздың да ешқандай серік қосуға жатпайтынын және мұны исламдық тұрғыда құран арқылы орындаудан маңыздылығының арта беретін де білдіреді.

Енді біздің имандылығымыз, ішкі дүние сезімнің мәдениетін тазалығын меңгерумен және жанымызбен жүректің, ақыл ошақтарының қырық әурет үйлерінің тазалығымен байланысты болатынын жадыңызға тоқып алыңыз.  Иман байлығының сапасын қазақ даналығында жеті санмен, жер анамен байланысты жеті әулиелік киеліктермен сипатап адамзатың бұл қуаттарды меңгеруін «Жете», «Жетелік» немесе «Жетесізге жеті айтаса да түсінбес» деп атаған. Сондықтан адамзаттың белгілі бір құбылыстарға табынып, еліктеуінен, сезім мәдениетін, иман қуатын айқындайтын, құранның жеті үнінімен жалғануды аятта; «Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені. (192)...Ескертушілердін болуың үшін жүрегіңе қондырды. (194) Израил ұрпақтарының бұны білулері, олар үшін дәлел болмай ма? (197) Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те; (198) Ол, бұны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді. (199) Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (200) Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді.» (26-201) Сонымен құранның 4-үндік  сөздік, кітаптық  ақыл қуатының  Мұхаммед пайғамбарымыздың кітабы болып, негізінде Израйл ұрпақтарына мұның 7-кітаптық белгісі берілгені және бөгде елдерде 8-сипатының барын, ал күнәкарларға 200 (жүзділік) белгісінің сандармен белгіленіп 4-түрлі кітаптық белгілердің жүрек кітабының сыр болатын ескертеді. Сондықтан жүректің де 4-түрлі бөліктен тұратын мұны иман қуаты арқылы зейнетеген жағдайда, бұл кітаптардың адам баласына оқылып; көрсеткен, білдірген аяндарына, түстерге сенбеуінен; «Азап оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді.» (26-202) деген аятың үкімі орындалатынын ескертеді. Олай болса; «Мен сендерге күре тамырларыңнан да жақынмын» деген Алла тағаланың «Мен» сипатының құраннан 4-түрлі кітап болып, қуатық тұрғыда; жүрек, сезімдерден, көкіректен ұжданнан періште, кісілік болып қалыптасатынын да сөзсіз.

Ақиқаттың белгісі; «МЕН» біздің табиғатымызда, ішкі сарайымызда жаратылыстан таңбаланып қойылады. Сондықтан бұл таңбалардың үйлерін біздің күнәдан жаратылып, дүние тіршілігінде қалыптасумен, өсіп-өнумен көбейудің барысында рұқымызды құлшылығымыз арқылы тазартқан сайын біз оны ішкі «Менімізді» сезіне алу қабілетіне ие боламыз. Сондықтан да біздің сенімділік қуттарын меңгеруге байланысты алған тәлімнің, белгінің біздің бойымызда қандай да бір әсерді, сезімді қозғайтынан да туа бітті біздің оның да барлық таңбаларның біздің тәнімізде  болғандығына дәлел болады. Бұл таңбаларды нұрландырып, бір қаситке айналдырумен денемізді, бойымызды ар сауытын қалыптастыру үшін де оның тәрбиесін дінін толық меңгеруміз, тәубеге келіп күнәдан ақталуымыз шарт және құран-кітабымызды, жүрегімізді түсіну аманат болып аталады. «Мен»- дегеніміз  құдайлық қасиетіміз болып, ал қасиет дегеніміз қандайда бір жаратылыстағы затты пайдаланбастан оны иелене алумен, және оны меңгерудің қабілетін де тағдырмен бірге жаратқаннан сыйға аламыз. Сондықтан да; Адам өзін тану арқылы ғана әлемді таниды. Әлемді терең тану, жаратушы хикметін сезіну, өзінің бойындағы кейбір қасиетердің таңба белгілердің болуына байланысты ұқсастықтарына назар аударумен  ғана ұғымды болады.

Сонымен біздердің имандылығымыз жан қуатының жарығымен жетілумен, жүректің 200-түрлі тамарының құранмен берілген 4-түрлі ақыл кітабының ұйқы кезінде жалғанып бір тұтас тағыдырлық кітапқа айналуымен, ақыл-ойымыздың естілігіміздің сапасы да артып жетелі атанамыз. Елші, ескертуші, тура жолды меңгеруші болудың да маңызы жетелі болумен, жүректің тазалығы, қанның қуатылығымен, дарындылықты танымдық ақылды меңгерудегі ұждандылықпен байланысты болып аятта; «Әй пайғамбар Раббың тарапынан түсіргенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.» (5-67) Сонымен елшіліктің бұрынғы замандарда да түрлі діндерде құраның кітабы болып оқылып келе жатқан имандылық шарттарын жетілдіруді жалғастырумен байланысты болса, ал пайғамбарлық қасиеттілік болып; дінде жаңадан аяттар мен өзгерістерді соған байланысты сенімділік қуатын, білімін артырумен, құлшылық рәсімдерінің өзгерумен байланысты екені де хақ. Ислам діні келген уақытта арап халқының мойынсұнбаулары және өзге дін өкілдерінің Мұхаммед пайғамбарымыз меңгерген имандылық арқылы орындаған ізгілікті амалдарына емес, керісінше дінде сенімді жетілдіруге арналған сәжделік рәсімдеріне қарсы болғаны да және көптеген амалдардың намаздарын орындау әркет құлшылығын аз ғана топпен және жеке жасырын орындағаны да сөзсіз. Сондықтан аятта, «Әй Кітап иелері! Сендерге Кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (құран) келді.» (5-15) Сонымен осы аятпен-ақ масһабшылырдың елшілікпен пайғамбарлықты ажырта алмай, бұрнығы замандағы имандылық қуатрын меңгерудің құлшылықтарын тастап, тек сенімге негізделген сыртқы дін рәсімдік намаздарды ғана дәріптеумен, дінде адасқандарына ашық дәлел бар. Егер құранды оқылуда және оның сәждесін меңгеруде пайғамбарымыз; «көбірегінен елемей өтіп кететін пайғамбармыз» болса, онда пайғамбарлық міндетін шала орындаған болады. Бұл мүмкін емес және Құран толықтай түсірілгені де ақиқат. Ал елшілік істерінің ол заманда толық орындауға мүмкін болмауына да басты себеп ,пайғамбарымздың арап ұлтының арасында ғана өмір сүрумен олардың салттарының дін дәстүрлернің өмір сүру ерекешеліктерінің де болуымен, құраның үнін тұрақты сақтау үшін, орта топ қана аталып және сол замандарда жалпы адамзаттың білімнің жетілмеуі де себеп болғаны хақ. Сондықтан аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларыңның тарпынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер!» Әрине саған түсірлген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме» (5-68) Алла тағаланың 8-сипатын және адамзатқа түрлі қарсылықтар мен 8-түрдің жаратылуына байланысты бұл қуттарды меңгерудің амалдары Інжіл, Тәурат және әр елдің өзіне келген пайғамбарлары мен елшілернің істеріне байланысты дәстүр болып қалыптасуына, исламдық дін ғалымдарың тек қана құранды ғана мойындау салдарынан қарсылықтары артып, азғындыққа түсуін ескертеді. Қазақ елінде ата жолы болып басталып, тағдырымзда жазылған бірақ түрлі жағдайда ар блімін тастап қойған күнәның әрекетімен, жоғалтқан иман қуаттарымзды меңгерумен ақталу шараларын намаздарын орындап, зияртап, құрбан шалып тазаруға тиым салудың да негізгі себебін осы аяттар ашық ескертіп тұрғаны да хақ. Бірақ мұны түсінетін ел билеуші, зиялы қауымға тән болатын жоғарғы сана қуаты түгіл имандылықтың негізін жоғалтқан жетесіздіктің себебі де иман қуатының жаратылыс себебін меңгеруден бас тартудан, өз ұлтының ділін қалай тазартып жетілдіруге болады, деген ақылдан сұрау болмауынан да деп түсінген де жөн. Олай болса, енді иман қуатын меңгеруді Інжіл кітабында қалай насихаттаған екен, талқылап көрсек. (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран телогиясы мен Ясауи діни жолымен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мыны сайтқа кіріп көріңіздер; http://tokbergenbaitassov.com/

 
0
0
1160

Осы тақырып бойынша

IV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық - Yvision.kz