«IT-технология саласындағы бастамалар» Облыстық байқауы жарияланды
31.01.17 жылдағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауының басым бағыты – эконмиканы жеделдете дамыту бөлімінің орындалуы бойынша, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі 14-29 жас аралығындағы аймақтағы мектеп оқушылары, ТжКБ және ЖОО студенттері арасында «IT-технология саласындағы бастамалар» Облыстық байқауын жариялайды.

Байқау әр түрлі саладағы IТ-жобалардың анықталып, жүзеге асыуына жәрдемдесуге бағытталған. Байқауға қатысуға өтініш 1.02.17 жылдан 20.02.17 жылға дейін, [email protected] электронды поштасы және қолма-қол Ломов к-сі, 38. 106 каб. тел: 66-12-43 Орталық инспекторы А.Нұрмағамбетова арқылы қабылданады. Өтінішке міндетті түрде жобаны сипаттайтын 10-15 беттік презентацияны қосу керек. Байқау қорытындысы бойынша үздік 10 жоба таңдалынып алды.
