ІСКЕ СӘТ! Кариб теңізінің қарақшылары-4
Қарақшылар туралы атақты фильмнің төртінші бөлімі әлем көрермендеріне жол тартты. Алғашқы үш бөлімінде ойнаған Орландо Блум мен Кира Найтли фильмге қатысудан бас тартқанымен, Джонни Депп пен Джеффри Раш келісімдерін берді. Басты рөлдердің бірін атақты Голливуд жұлдызы Пенелопа Крус иемденді.
