Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ХАБАРЛАНДЫРУ

Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінен келіп түскен сұрау салуға сәйкес БАҚ өкілдері мен баспасөз қызметі қызметкерлерінің  халықаралық ынтымақтастық шеңберінде және бұқаралық ақпарат құралдарымен, азаматтық қоғам институттарымен және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен  өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған «Ынтымақтастық» номинациясының «Қалқан және қалам» жыл сайынғы конкурсына қатысуы мақсатқа сай болып табылады.

Әртүрлі жанрларда орындалған жарияланымдар, бейне-, аудио материалдар түріндегі конкурстық жұмыстар, сондай-ақ өткізілген ақпараттық-насихат және әлеуметтік акциялар, мемлекетаралық жобалар туралы материалдар (үш жұмыстан көп емес) Ресей ІІМ Азаматтық қоғам институттарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл басқармасының мекенжайына немесе Интернет желісіндегі [email protected] электрондық мекенжайына 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін жіберу қажет.

Әрбір жұмысқа қатысушы туралы толтырылған сауалнама, материалға аннотация, басылым туралы қысқа анықтама, сондай-ақ автор туралы ақпарат пен ол туралы бейнесипаттама қоса жіберілуі тиіс.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар орыс тілінде ұсынылады.

Қосымша ақпаратты Ресей ІІМ-нің ресми интернет-сайтынан «Қалқан және қалам – 2015» бөлімінен (https://mvd.ru/shield2015) немесе  +7 (499) 237 18 70 телефоны бойынша алуға болады.

 

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

0
0
365

Осы тақырып бойынша

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ХАБАРЛАНДЫРУ - Yvision.kz