«ХХІ ғасыр техникалық, ақпараттық және құқықтық даму ғасыры»
«Жаңа-Ру» жастар коалицясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жамбыл политехнкалық колледжінің ұйымдастыруымен 08 қараша 2014 жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының іске асырылу жолдарын талқылау және қарастыру мақсатында «ХХІ ғасыр техникалық, ақпараттық және құқықтық даму ғасыры» тақырыбында жастар арасында дәстүрлі V-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға барлығы 50 адам қатысып, оның 12 өз ғылыми баяндамаларын қорғап, ортаға түскен сұрақтарға жауаптар берілді.
Конференцияда төмендегідей бағыттарда жұмыс жүргізді.
1 бағыт: Мемлекеттік қызмет түрлерін азаматтарға насихаттаудағы мәселелер мен азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру жолдары;
2 бағыт: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – ел игілігі үшін! (тарих, әдебиет және т.б.);
3 бағыт: Жасыл экономиканы дамыту, ақпараттық технологияларды жетілдіру мен сауаттылықты арттыру жолдары.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға Сертификаттар мен Дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етті.

