Халықпен жұмыс істеуде көшбасшылық қабілет қажет-ақ!
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жас Отан» Жастар қанатының бастауыш бөлімшесінің Атқарушы хатшылары мен мүшелеріне арналған семинар-тренингі өткізілді. Аталмыш іс-шараға «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері, бастауыш бөлімшенің Атқарушы хатшысы С.Берікқожа қатысып қайтты.
Семинар-тренингте жастар арасында көшбасшылық қабілетті арттыру, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізу жолдары қарастырылды.

