Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі

Мемлекеттік қызмет  жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы объектіге орналастыруға паспорт беру  немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
ХҚКО-на жүгінген кезде:
1) мемлекеттік қызметті алушы өтінішті ХҚКО-на еркін нысанда ұсынады;
2) Жеке басын куәландыратын және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжаттардың мәліметтері.
3) Түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы.
4) Орындалу мерзімі бес жұмыс күн.
 
0
0
321

Осы тақырып бойынша

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі - Yvision.kz