«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет
Мемлекеттік қызметті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ХҚО-қа жүгінгенде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;
2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы;
3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Порталға жүгінгенде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі электрондық сұрау салуға тіркелетін түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландыратын электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл
облысы бойынша филиалының
Талас аудандық бөлімі
