Халықаралық электробайланыс одағы Қазақстанда денсаулық сақтауды цифрландыруды қолдайды
Женева қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 71-ші отырысы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Халықаралық электробайланыс одағының (ITU) бас хатшысы Хулин Чжамен кездесті.
Кездесу барысында министр «Сандық қазақстандық» бағдарламасының аясында Қазақстанда бастамаларды және медициналық ақпараттық жүйелер мен цифрлы технологияларды белсенді енгізу шараларын айтып өтті. Өз кезегінде Чжао ITU-ға денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша қазақстандық бастамаларды қолдауға және биылғы жылдың қазан айында Астана қаласында жоспарланған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жаһандық конференциясына қатысуға ниет білдірді.
Халықаралық электробайланыс одақ денсаулық сақтауды цифрландыру саласында ДДҰ-мен бірлескен жобаларды жүзеге асырады және денсаулық сақтау саласында инфокоммуникация және ақпараттық технологиялар саласындағы технологияларды енгізуде Қазақстанның жоғары әлеуетін көреді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, ұлттық телемедицина желісін деректермен алмасудың бірыңғай стандарттарын әзірлеуге сараптамалық қолдауды тарту мәселесі қаралуда.
