«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ақпараттық брифингі
2016 жылдың 30-31 наурыз күндері Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ байқау процедурасы департаментінің директоры Гайни Кенжебековна Есембекова «Болашақ» халықаралық стипендиясының қатысушы болудың қыр-сырларымен және өзінің Англияда оқу тәжірибесімен бөлісті.
Брифингтер 2015 жылдың 31 желтоқсанынан №1154 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу Ережесіне енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды түсіндіру мақсатымен өткізілді.

Брифингтерде мемлекеттік қызмет, медицина, педагогика және басқа да бағыттағы түрлі саладан 40-қа жуық маман, сонымен қатар Павлодар облысының жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.
Презентациядан кейін қатысушылар өз сұрақтарына білікті жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Ең қызықты деген сұрақ авторларына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-нан естелік сыйлықтар табысталды.
2015 жылдан бастап қазақстандық магистр және доктор деңгейі бар үміткерлер шет елдегі магистратура мен докторантура бағдарламаларына қол жеткізді. Оқу барысына Split PhD – докторанттарды дайындау жаңа бағдарламасы біріктірілген.

Шет тілін оқыту «6+6» моделі бойынша жүргізіледі, 6 ай – елде, 6 ай – шет елде. Қазақстанда тіл курстары Астана және Алматы қалаларында өткізіледі.
Тағылымдама бағдарламасы инженерлік-техникалық, медициналық, педагогикалық және ғылыми жұмыскерлер санатына кеңейтілген.
«Болашақ» стипендиаты атану үшін ең алдымен үміткер шет тілін меңгеру жөніндегі шеткі деңгейін(IELTS 5,0-тен) өту қажет. Екінші кезең – мемлекеттік тілді меңгеруі жөніндегі тестілеу, 150 балдан кем дегенде 75 балл жинау қажет. Содан соң үміткер психологиялық тестілеуден, Қазақстан тарихы, Конституцияны білу, кәсіптік дайындық пен мемлекеттік рәміздерді білу бағыттары бойынша экзамен түрінде комиссиямен әңгімелесуден өтеді.
Бағдарлама бойынша тағылымдама 12 айға дейін созылады, ал еңбекпен өтеу Сізді жіберген компанияда 3 жыл мерзіміне созылады.


