«Халыққа қызмет көрсету орталығы» хабарлайды!
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімінде «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы қызмет көрсетуде. Ендігі жерде электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез келген адам оператордың босауын күтпей-ақ, арнайы жабдықталған орында қызметті өздігінен ала алады. Ал, қажет болған жағдайда арнайы оқытылған кеңесші көмек береді. Міне, осылай мемлекетпен онлайн-әңгімелесудің басымдығын бағалап үлгерген, бірақ техникалық мүмкіндігі жоқ қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерді жедел және кезексіз алуына қолайлы мүмкіндік жасалып отыр. Электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ клиенттерге оны электрондық үкімет бұрыштарынан және өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында өздігінен алуына болады. Келесі жолы, басымдықтарды білген азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына бармастан, өз уақытын үнемдеп, қызметті өз компьютерінен ала алады. Біздің мекенжайымыз: Қаратау қаласы,
А. Молдағұлова көшесі, 51 үй.
