Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халыққа қызмет көрсету орталықтары –ел игілігі үшін!

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы – еліміздегі орын алып отырған игіліктің нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түсуде. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді. Бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттер, ең құндысы алтын уақытын сарп ететін халық  бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп, барлық  құжаттарын  бір демде реттеуге мүмкіндік алды. Орталық қызметкерлері өз істерінің білікті мамандары және қай істе де алдыңғы лектен көрініп, аудандағы қоғамдық жұмыстарына да да белсене атсалысып  жүр.

Міне осындай игі істердің бірін орталық қызметкерлері  Р.Хамзабек пен Б.И.Қуатбековтер  «Қаракөз» сауда орталығында Халыққа қызмет көрсету орталықтары – ел игілігі үшін атты акциясын ұйымдастырды.   «Қаракөз» сауда орталығында   Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтері бойынща тегін кеңес берді. Аудан жұртшылығы ризашылықтарын танытып, орталық қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

 
1
0
397

Осы тақырып бойынша

Халыққа қызмет көрсету орталықтары –ел игілігі үшін! - Yvision.kz