Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін жаңа қосылған мемлекеттік қызметтер

Қызметтердің көрсету сапасын және қолжетімділікті арттыру мақсатында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жаңа 25 мемлекеттік қызмет түрлері қосылып отыр.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін көптеген қызмет түрлері қазіргі таңда халыққа қолжетімділікті арттыру аясында бірқатар жұмыстар атқаруда, соның ішінде орталықтар электрондық нұсқада құжат қабылдау мен халықты дағдыландыру аса маңызға ие болып отыр.

«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» бағыты Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысымен.

«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау», «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен.

«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Техникалық және кәсiптік бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен.

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 Қаулысымен.

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру»

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысымен.

«Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысысымен.

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 177 қаулысысымен.

«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 86 қаулысысымен бекітілген мемлекеттік қызмет түрлері беріліп отыр.

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Меркі аудандық бөлімі

 
1
0
535

Осы тақырып бойынша