«Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру – біздің басты мақсатымыз!»
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Әлемнің барлық дамыған елдерінде сапаны басқару мәселесіне үлкен мән беріледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдында халыққа қызмет көрсету сапасының жүйесін жетілдіру міндеті қойылған.
Әділет органдары саласындағы мемлекеттік қызметтердің (заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша) көп бөлігі баламасыз Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылатынын ескере отырып, екі органның арасында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.
Аталған Меморандум шеңберінде бөлім қызметкерлері халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету мақсатында құқықтық түсіндіру жұмысына үлкен назар аударылды.
Осыған орай, «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиал директорымен бекітілген бөлім қызметкерлерінің білім деңгейін артыру бойынша 2014 жылдың II-жартыжылдығына арналған құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу курстарын өткізу туралы кестесінің 10-тарамағын орындау мақсатында Әділет басқармасының тіркеуші орган қызметінің жоғарыда аталған үш бағыты бойынша семинар ұйымдастырылуда.
Кездесудің басты тақырыбы – халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бас тартуларды, кері қайтаруларды және мерзімді бұзушылықтарды алдын алу және болдырмау мақсатында аталған органдар арасында әрі қарай өзара әрекеттесу сұрақтары.
Өз кезегінде, Талас аудандық бөлімі қызметкерлері мен Әділет басқармасы мамандары арасында туындайтын мәселелі сұрақтар талқыланып, семинарға қатысушылардың назарына алынған. Қойылған әрбір сұрақтар бойынша Әділет басқармасының қызметкерлерінің тарапынан түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, семинардың барлық қатысушыларына ҚР қолданыстағы заңнамасының нормалары бойынша түсіндірмелер берілді.
«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл
облысы бойынша филиалының
Талас аудадық бөлімі
