«Халыққа көмек»
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған "Қайырымды 30 игі іс" «Халыққа көмек», партиялық жобасы аясында Аудандық мәслихат депутаты Бегімбекова Ұлдана Қуандықызы қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Алтыүй ауылының тұрғыны жалғыз басты ана келіп, өзінің жұмысқа тұруына көмек сұрады. Жалғыз басты ананың мәселесі қарастырылып, тиісті орындарға хабарласып жұмысқа орналасуына көмек жасады. Мәселе оңтайлы шешімін тапты.
