Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ХҚКО-ы мүгедектер үшін жан-жақты қолдау көрсетуде!

Халыққа қызмет көрсету орталығы мүгедектерге қызмет көрсетудің жан-жақты үлгісін іске асырып келеді. Орталық қызметкерлерінің арасында мүгедек азаматтарды жұмысқа тарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Облыс ХҚКО-ларында 13 мүмкіндігі шектеулі азамат халыққа табысты қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ, мүгедектерге барлық тиімді жағдайлар туғызу мақсатында І және ІІ топтағы мүгедектердің үйіне мобилді топ барып қызмет көрсетеді. Бұл жүйе де өз тиімділігін көрсетуде.
Қазіргі таңда мүгедектерге «Электронды үкімет» веб-порталын өз бетінше пайдалануды оқытудамыз. Себебі, мүгедек азаматтар электронды құжаттарды ХҚКО-ға келіп жатпай, қажетті қызметті үйінде отырып-ақ «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы алу мүмкіндіктеріне ие болады.


Осы мақсатта «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы облыстық Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу оралығында «Егов - жаңа иновациялық технологиялар!» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді. Семинарды филиал тәлімгері Ш.Елемес жүргізді. Шараға 1,2 және 3-топтағы мүгедектер қатысып, «Электронды үкімет» веб-порталының жұмысымен танысты. Сондай-ақ көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өздері порталдың мүмкіндіктерін көрді. Атап айтсақ, ЭСҚ алу, мекенжай анықтамасын және т.б. электронды құжаттарды алу мүмкіндіктерін игерді. Алдағы уақытта облысымыздағы мүгедек азаматтар мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы емес портал арқылы өздері алатын болады!

0
0
507

Осы тақырып бойынша