Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Жылжымалы ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері артуда

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалына қарасты 10 бөлімінде «Мобильді ХҚКО» бірнеше жыл бойы халыққа қызмет етіп келеді. Оның негізгі мақсаты аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету. Қазіргі таңда облыс бойынша керекті қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған 5 автокөлік қызмет етеді. Орталық аудан әкімдерімен бірлесе отырып шалғай аудандарға шығу кестесін тұрақты түрде бекітіп қызмет атқаруда.

Мобильді ХҚКО-ы 2014 жылы 54 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетті. Шалғай орналасқан ауылдарға барлығы 1621 шығу ұйымдастырылып, 40 мыңға жуық құжат қабылданған. Оның ішінде Жамбыл ауданы бойынша 3 мыңға жуық құжат қабылданған.

Бүгінгі күні, Мобильді ХҚКО арқылы 160 мемлекеттік қызмет алу мүмкіншілігі бар. Көпшілік талап етілетін қызметтер электрондық форматқа ауыстырылған. Енді оларды электрондық үкімет порталында электрондық сандық қолтаңба көмегімен алуға болады. Порталмен жұмыс істеуге шалғайдағы ауылдық округтерінің тұрғындарына Мобильді ХҚКО-ның инспекторы тегін үйрете алады. Осы дағдылар арқасында әр азамат министрліктердің бірінші басшыларына, облыс әкіміне, онлайн – қабылдауға жазыла алады, ХҚКО-на кезекті броньдауға, баланы бала бақшаға кезекке қоюға, айыппұл және салықтарды төлеуге, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар алуға және тағы басқалары.

Өткен аптада «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева мен «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бас директоры Біржан Жүнісов арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Осының нәтижесінде шалғай елді мекендердің тұрғындары өз елді мекендерінен еш жерге шықпай-ақ ХҚКО, ЗТМО және Қазпочта қызметтерін ала алатын болады.

Серікбол БЕРІКҚОЖА

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының

қоғаммен байланыс жөніндег менеджері

   
0
0
767

Осы тақырып бойынша

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Жылжымалы ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері артуда - Yvision.kz