ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі қызмет атқарады
Мойынқұм аудындық халыққа қызмет көрсету орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істеуде. Аталмыш жүйенің мақсаты – халықты электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерімен таныстырып, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы ақпараттық анықтамалар мен электрондық қызметтер алуға мүмкіндік беру. Сектор бойынша екі терезе жұмыс жасайды. Осы терезелер арқылы электрондық үкімет порталы бойынша көрсетілетін қызметтерге кеңес алу, сондай- ақ, азаматтарды осы сала қызметтерін алуға үйрету жұмыстары жүргізілуде.
Электрондық үкімет порталы арқылы азаматтар өздеріне «мекен-жай анықтамасын алу», «зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу», «сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама алу», «жұмыссыздығы туралы анықтамалар алу», «баланы балабақшаға кезекке қою», «жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамалары (ауыртпалықтары ) туралы анықтама», «мүлкінің бар жоқтығы туралы анықтама» т.б. алуға болады. Сонымен бірге, мемлекеттік баж, салық, жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы жөніндегі айыппұлдар, коммуналдық қызмет ақысын төлей алады. Бөлімде өзіне –өзі қызмет көрсету секторында ғаламторға қосылған заманауи компьютерлік құрал –жабдықтармен, картридерлермен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың коммуналдық төлемдерді төлеу кезінде онлайн әдісімен төлем жасау белсенді жұмыс атқаруда. Картридер (cardreader) латын тілінен аударғанда оқыту құралы деп аталады. Картридер құралы арқылы халыққа қызмет көрсету орталығында ЭЦҚ пайдалануға және төлемдер жасауға мүмкіндік жасалған. ХҚКО-да бүгінгі таңда картридер құрылғысы арқылы жеке куәлікке ЭЦҚ кілтін жазып, өзіңіздің үйден немесе қоғамдық қолжетімдік пунктінен кез келген анықтама алуға болады. Электрондық үкімет порталына байланысты түсінбеген сұрақтарыңыз болса 1414 call-орталығы арқылы тегін кеңес алуыңызға болады немесе аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы кеңесшілеріне жүгінуіңізге болады.
Абдикеримова Марина Сагынгалиевна
Мойынқұм аудандық ХҚКО инспекторы.
