ХҚКО арқылы кредиттік тарихы туралы анықтама алу тәртібі
Кредиттік бюро Қазақстанда алғаш рет 2004 жылы пайда болды. Қазақстанның жеті ірі банкінің бастамасымен «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС деген атаумен құрылды. «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі №573-ІІ Заңындағы өзгрерістерге сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №524-ІV Заңының негізінде, МКБ дауыс беретін акцияларының 100 % тиесілі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысына сәйкес 2012 жылы 19 қыркүйекте қайта құрылды. Қазіргі уақытта, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ негізгі жұмыс көрсеткіші кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру жөніндегі қызметті іске қосу шараларын өткізіп жатыр.Сонымен қатар қосымша қызмет түрлерін көрсетуді жоспарланып отыр яғни олар, мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы іске асыру;консультациялық қызметтер көрсету; кредиттік тарих субъектілерінің кредит төлеу қабілетін бағалау; арнаулы әдебиетті, өзгеде ақпататтық материалдарды іске асыру; маркетингтік және статистикалық зеттеулер жүзеге асырылады. www.Egov.kz электронды үкімет порталынан жеке кәулігінің арқылы несие есебін сіз өзінізге ғана ала аласыз, сондай-ақ бұрын алынған есептермен осы сілтеме арқылы танысуға болады. Қызмет көрсету нәтижесі дербес несиелік есебін ұсыну немесе «Алғашқы несиелік бюросы» ЖШС несиелік тарихтары деректер базасында ақпараттың болмауы туралы нәтижесін ұсыну болып табылады.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»
РМК-ның Жамбыл облысы бойынша
филиалының №3 бөлім басшысы Б.Ж.Рахимбердиев
