«ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбындағы Жамбыл ауданында семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, Аса ауылында «ХҚКО арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты аудан тұрғындарына ХҚКО мен «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін насихаттау және түсіндіру. Ісшараға аудан әкімдігінің бөлімдерінің бас мамандары, мамандары мен ұстаздар қауымы қатысты. Аудан әкімінің орынбасыры Ү.Ноғайбаева жүргізді. Сондай-ақ, «Жаңа-Ру» жастар коалициясының Президенті С.Берікқожа мен «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл аудандық бөлімінің реттеу залының басшысы Қ.Мамасериков қатысты. Семинарда тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көкейде жүрген сұрақтарына арнайы шақырылған мамандар тұшымды жауаптар берді.
«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл аудандық бөлімі
