ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы қызмет түрлері
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін ақылы қызмет түрлеріне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексi) сәйкес белгiленген ставкалар бойынша, алым төлеуден босатылған тұлғаларды қоспағанда, есептелген сома төленеді. Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:
|
Р/с |
Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері |
Ставкалар |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
|
пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға |
0,5 | |
|
көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа |
8 | |
|
гараждарға |
0,5 | |
|
мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар): | ||
|
бір объект |
10 | |
|
екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер |
15 | |
|
алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер |
20 | |
|
оннан көп жеке тұрған объектілер |
25 | |
|
Жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін |
0,5 | |
|
Ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін |
0,25 | |
|
Құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін |
0,25 | |
|
Құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін |
0,25 | |
|
2 |
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін: | |
|
жеке тұлғалардан |
1 | |
|
заңды тұлғалардан |
5 | |
|
3 |
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін |
0,5 |
|
4 |
Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызмет көрсеткені үшін |
0,5 |
|
5 |
Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру үшін |
ҚР ӘМ Тіркеу комитеті төрағасының 2010 жылғы 31 тамыздағы № 277 бұйрығымен бекітілген Бағалар прейскурантына сәйкес УО-мен айқындалады |
|
6 |
Акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін |
0,5 |
|
7 |
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін |
1 |
|
8 |
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін |
1 |
|
9 |
Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу үшін |
2 |
|
10 |
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін |
555,60 тн |
|
11 |
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркегені үшін: | |
|
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша |
2 | |
|
сот шешімі негізінде |
Сот шешімінде көрсетілген сомма | |
|
12 |
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қою үшін |
0,5 |
|
13 |
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
|
заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін |
6,5 | |
|
шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін |
2 | |
|
саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін |
14 | |
|
14 |
бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
|
қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін |
1 | |
|
қайта тіркегені үшін |
0,5 | |
|
15 |
балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
|
мемлекеттік тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) |
2 | |
|
қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін |
1 | |
|
16 |
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергенi үшiн |
4 |
|
17 |
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн және уақытша жеке куәлік бергені үшін |
0,2 |
|
18 |
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін |
0,1 |
Халыққа қызмет көрсету орталығының
Байзақ аудандық бөлімінің инспекторы
А.Ж.Суранчеева
