ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы мемлекеттік қызмет түрлері
(ксерокөшірме, кредиттік тарих туралы)
Бүгінде «ХҚКО» арқылы ақылы қызметтер көрсету жұмысы қарқынды да- муда. Алдағы уақытта бұл қызметті барлық тұтынушылар пайдалана отырып уақыт үнемдеп тез арада құжаттарын дайындатып алуына болады. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін жауапты қызметкер тағайындалады. Ол құжаттардың толық пакетін қалыптастырғаннан кейін қызметті алушыға уәкілетті органға өтініш беруге көмектеседі.Бұл үшін мемлекеттік және өзге органдарда Тапсырыс берушінің мүддесін қорғау үшін қызметкерге сенімхат, сондай-ақ өзге де құжаттар (жеке куәлігі көшірмесі,құқық белгілейтін құжаттар және т.б.) алу қажет.Ақылы қызметтің мақсаты ХҚКО –на келген тұтынушыны ары-бері әуреге салмай тұтынушының атынан жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарға төленетін міндетті төлемдерді ХҚКО қызметкері тұтынушыдан қолма – қол ақшаны алдын-ала алады. Ескерту: аталған қызмет үшін Тұтынушыдан алынған қолма – қол ақша үстінен «ХҚКО» Шотына бөлек сомма төлеу керектігін ескертеміз.Қызмет үшін алынатын мемлекеттік төлемдердің тізілімдемесін «ХҚКО» нан біле аласыздар.
Бағдат Рахимбердиев
ХҚКО РМК Жамбыл облысы бойынша №3 бөлім басшысы
