ХҚКО арқылы алуға болатын қызметтердің артықшылықтары
Бүгінде «ХҚКО» арқылы ақылы қызметтер көрсету жұмысы қарқынды дамуда. Алдағы уақытта бұл қызметті барлық тұтынушылар пайдалана отырып уақыт үнемдеуді және тез арада дайын құжаттарын бере отырып алуды әдетке айналдырмақ. Қызметті алушыларға соңынан дайын құжатты берумен құжаттар пакетін қалыптастыру болып табылады. Қызметті жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін жауапты қызметкер тағайындалып,құжаттардың толық пакетін қалыптастырғаннан кейін жауапты қызметкер қызметті алушыға қажет қызметті алу үшін уәкілетті органға өтініш беруді жүзеге асырады.Бұл үшін мемлекеттік және өзге органдарда Тапсырыс берушінің мүддесін қорғау үшін қызметкерге сенімхат, сондай-ақ өзге де құжаттар (жеке куәлігі көшірмесі,құқық белгілейтін құжаттар және т.б.) алу қажет.Ақылы қызметтің мақсаты ХҚКО-на келген тұтынушыны ары-бері әуреге салмай тұтынушының атынан жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарға төленетін міндетті төлемдерді ХҚКО қызметкері тұтынушыдан қолма – қол ақшаны алдын-ала алады. Ескерту: аталған қызмет үшін Тұтынушыдан алынған қолма – қол ақша үстінен ХҚКО шотына бөлек сомма төлеу керектігін ескертеміз.Қызмет үшін алынатын мемлекеттік төлемдердің тізілімдемесін ХҚКО-нан біле аласыз.
