Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысымен кездесті.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысымен кездесті.

Аталған шараның мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне көңілін аударту, құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Кездесуге 300-ге таман студенттер мен білім алушылар, сонымен қатар мұғалімдер мен Департамент қызметкерлері, Қоғамдық кеңес, оның ішінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сөз кезегінде Департамент басшысы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі ережерін, сондай-ақ жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу кодекстерінің ерекшеліктері мен жаңалықтарын түсіндіріп, кездесудің қатысушыларымен сұрақ-жауап түрде талқылама жүргізді.
Мұндай іс-шара өңірде жастармен алғаш рет өткізіліп отыр.
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жастар арасында тағы түрлі іс-шаралар жүргізу жоспарлануда.

Осы тақырып бойынша

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысымен кездесті. - Yvision.kz