Генаның көрермені көп
Америкалық журналист Стив Кимнің мәліметіне сенсек, HBO телеарнасынан тікелей эфирде таратылған Геннадий Головкин мен Габриэль Росадо арасындағы жекпе-жек ең көп көрермен жинапты.
Америкалық журналист Стив Кимнің мәліметіне сенсек, HBO телеарнасынан тікелей эфирде таратылған Геннадий Головкин мен Габриэль Росадо арасындағы жекпе-жек ең көп көрермен жинапты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Сол күні өткен үш кездесудің ішінде жерлесіміз Генаның көрермені көп болған. HBO телеарнасына телмірген 813 000 жанкүйер Головкин-Росадо жекпе-жегін тамашалапты. Ал, Гарсия-Салидо кездесуіне 780 000, Мартинев-Бургос кездесуіне 520 000 жанкүйер куә болған.
Әрине, әуесқой боксқа мұрнын шүйіріп қарап, кәсіби бокстан рахат алатын америкалықтарға Генаның орындауындағы қан-жоса төбелестің ұнағаны хақ…
www.sport.gov.kz

