Френсис Елиза Бернетт «Құпия бақ»
«Құпия бақ» - ағылшын жазушысы Френсис Елиза Бернеттің ең әйгілі шығармаларының бірі. Қазақ тіліне алғаш аударылған толық нұсқаның тілі жеңіл, оқиғасы қызықты және мағналы. Мектеп жасындағы балаларға арналған. Шығармада кішкентай Мәри есімді қыздың өміріндегі керемет өзгерістер жайында баяндайды.
«Мәри адамдар жайлы жаман ойлап, ешнәрсеге қызықпай, қынырайып, қырсығып жүргенде көңілсіз һәм бақытсыз қыз болған. «Құпия баққа кездескелі» сарғайтып тұратын жаман ойларға орын қалмады.
Колин де бөлмесінде қамалып, өзінің қорқынышын, әлсіздігін ғана ойлап ... сұмдық долы, ызақор болған. Жағымсыз ойларын ығыстра бастаған сәтте қайта өмірге келгендей болды... Адамның басына жаман ой келгенде ең маңызыдысы – оны дер кезінде түсініп, ес жиып, дұрыс, батыл шешім қабылдай білу. Табиғаты екі түрлі нәрсе бір жерге сыймайды.
Раушан өскен жерге, қалқам,
Түйетікен қаптамайды.
Құпия бақ жайнаған сайын Мәри мен Колин көз алдында күш жинап, жадырай берді» - балалардың өміріндегі өзгерістері туралы қысқаша осылай баяндалған.
