ФАРИЗА ОҢҒАРОВА: " Әр азаматтың міндеті - мемлекеттік тілді білу"
Бүгін Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатымен таныстым. Мазмұнды ойлар мен мағыналы пікірлер айтылған ой бөлісу болды деп ойлаймын.
Бүгінгі күндегі, бірінші кезектегі мәселе – әлемді жайлаған індетпен күресу. Ол әр азаматтың – міндеті деп ойлаймын. Әркімнің өзінің денінің саулығы мен басының амандығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Ел заматтары мен қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Өзгенің қауіпсіздігі – біздің қолымызда болуы әбден мүмкін.
Сондай – ақ, тіл мәселесі де қозғалды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде қабылданып жатқан шаралар қуантарлық жағдай. Мемлекеттік басқаруда қазақ тілінің бірінші орында болуы, мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін білу міндет болып саналатыны – халықтың билікке деген сенімін ұлғайтады деп ойлаймын.
Сұхбат барысында өзге де көптеген мәселелер қозғалды. Олардың барлығы оң шешімін табатынына сенім мол.
Фариза Оңғарова, жастар ресурстық орталығының әдіскері
