Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есімовтің есебі жаман емес

140 мың шетелдік қонақ, аз емес. Жалпы саны, 400 мыңдай адам EXPO-2017 көрмесінде болып қайтқан. Мәлімет, Есімовтің есебінен алынды.

«Нұр Әлем» сферасы ішкі мазмұны мен бірегей сәулетімен тартымды. Соңғы күндердің өзінде ол жерде 150 мың адам болды. EXPO көрмесін жалпылай 400 мың адам тамашалады. Халықаралық көрмеге көптеген елдер қызығушылық білдірді, осылайша, әлемнің 55 елінің азаматтары билет алған. Туристер саны артып жатқанын байқап отырмыз. Маусым айының басынан Астана әуежайы 140 мың шетелдік қонақты қабылдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп», — дейді Есімов.

Оның айтуынша, 46 елдің азаматтары көрмеде ерікті болып жүр.

«Халықаралық танымдылықты арттыру бойынша үлкен жұмыс жасалды, қазіргі кезде 1,5 миллиард адам хабардар. Көрме соңына дейін бұл сан 2,5 миллиард адамға жетеді», — деп атап өтті ол.

Tengrinews.kz таратқан ақпаратта, көрме туралы жарнама айына 250 миллион адам қабылдайтын халықаралық ірі әуежайларға ілінгенін байқауға болады. Сондай-ақ, Google компаниясымен стратегиялық ықпалдастық іске асырылып жатыр екен. Не дейміз, құба құп. Сәтімен болсын!

 
0
0
357

Осы тақырып бойынша

Есімовтің есебі жаман емес - Yvision.kz