Есіл ауданына жұмыс сапары
А.ж. 13 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қары іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының және қызметкерлерінің Есіл ауданына жұмыс сапары болып өтті.
Жұмыс сапары барысында Б.Беспалинов Заречный ауылдық округі, Ақсай ауылы тұрғындарымен және аудан активімен кездесу өткізді.
Кездесулерге аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік органдар басшылары, орта білім беру мектептері директорлары және ауылдық окріг тұрғындары қатысты.
Іс-шаралар барысында Департамент басшысы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет имиджін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату мәселелеріне ерекше назар аударды.
Қорытындылай келе, ведомство басшысы кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, сапалы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қоғам мен мемлекеттің бірлесе әрекетіне байланысты екенін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ Есіл аудандық филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінде азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Бұзылық ауданының тұрғыны К.Р. Дюсембекова зейнетақыны есептеу үшін еңбек өтілін санау мәселесі бойынша сұрақ қойды. Қабылдау нәтижесінде тұрғынға сәйкес түсініктеме берілді. Сондай-ақ, ХҚКО қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентін және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету барысында этикалық кодексті ұстану туралы дәріс өткізілді. .
Өз кезегінде Департаменттің бас маманы Д.Каконов аудандық аурухана ұжымымен және мектеп директорларымен кездесіп, 2015 жылдың нәтижесі бойынша жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқықбұзушылықтың барлық түріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша ақпарат беріп, қазіргі таңда жемқорлық салдарымен күрестен жемқорлықтың алдын алуға басымдылық беріліп өтырғанын атап өтті.
Кездесуден соң Д.Каконов Есіл қ. №2 орта мектебінің «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесті.
Іссапар нәтижесінде іс-шаралармен барлығы 470 адам қамтылды.
