«Есіктен есікке» акциясы жалғасуда
«Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әлімбекова Гүлсара Сейтханқызы ауданға белгілі ақ халатты абзал жан, «Созақ ауданының Құрметті азаматы» Смағұлова Батиха апаймен кездесу өткізді.
Батиха апай Семей медицина институтын бітіріп, жолдамамен ауданымызға келіп, 52 жыл медицина саласында үздіксіз еңбек етіп, өзінің іскерлігі, белсенділігі мен еңбекқорлығының арқасында «Оңтүстік Қазақстан облысы медицина саласының ардагері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясының 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Медицина саласында абыройлы қызмет атқарған абзал ана, аяулы әже, отбасының ұйытқысы Батиха апай елімізде жүргізіліп жатқан саясатқа, бейбітшілік орнаған қоғамда бірлігіміз жарасып, «Nur Otan» партиясының халық игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарына шын жүректен ризашылығын білдірді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 17 басымдықтың бірі «Денсаулық сақтау саласының жұмысын реттеу: медицина сапасын арттыру» оның ішінде кадр тапшылығын жою, медицина қызметкерлерінің жалақысын 2,5 есе өсіру қажетті мамандарды даярлауға бөлінетін гранттар санын арттыру, аймақтарда диагностика мен емдеуді қолжетімді ету, аудандық ауруханаларды заманауи қажетті құралдармен жабдықтау, медициналық сақтандыру қорының ашықтығын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау қызметін бұқаралық бағалауды міндетті ету секілді бағдарламаның басым бағыттары көпшілік көңілінен шыққандығын айтты.
Алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасайтынын айтып, «Nur Otan» партиясына саяси додада сәттілік тіледі.
