«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы өтті
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Сәкен Абенов, Сәрсенкүл Бихожа және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ли Илларион, Анар Ізден Титов мөлтек ауданындағы тұрғындармен кездесті.
Үміткерлер үгіт-насихат жұмыстары барысында ұйымдастырылған акция барысында Әміре Қашаубаев көшесінің 28, 29,30, 33-і үйлерінің тұрғындарымен тілдесіп, пікірлерін тыңдады.
Кездесу барысында тұрғындар өздері үшін аса маңызды түрлі мәселелерді ортаға салды. Талқыға түскен мәселелердің қатары коммуналдық салаға бағытталды.
Сондай-ақ, кандидаттар сайлаушылардың пікірлерін тыңдай келе, партияның әртүрлі бастамаларының халық үшін тиімділігін тілге тиек етті.
- Партия тарапынан ұсынылып отырған бағдарлама қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне бағытталған. Халықты сумен, жылумен қамтамасыз ету және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелері0 бағдарламада қамтамасыз етілген. Әртүрлі салалардың ілгерілеуіне басымдық берген партия жоспарларының жүргізілуі үшін сіздердің сенімдеріңіз маңызды, - деді кандидат Сәрсенкүл Бихожа.
Акция аясында өткен кездесуде өзге де кандидаттар бағдарламамен таныстырса, сайлаушылар аталмыш партияның айқын жоспарлар мен бастамаларына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
