Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Есіктен есікке» акциясы Шолаққорған ауылында жалғасын тапты

Сайлау науқанында көптеген шара мен акция, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Мақсат - сайлаудың белсенді әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу. 'Nur Otan' партиясының бастмасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы жалғасын тауып, 2020 жылдың 28 желтоқсан күні Шолаққорған ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ардагер ұстаз, еңбек ардагері Құрбанов Кенжеғұл кариямен, сол сияқты сауда саласының ардагер қызметкері Тойшыбеков Қуаныш, еңбек ардагері Ыбыраев Нурмаш және жеке кәсіпкер Абжалалова Қалышпен кездесіп, Республикалық 'NurOtan' партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасындағы 17 басымдығы мен Созақ ауданы 'NurOtan' партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 7 басты басымдық бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ауданымыздағы алдағы уақытта жүзеге асатын өзекті мәселелер туралы сөйлесті. 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысып, 'Nur Otan' партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
259

Осы тақырып бойынша

«Есіктен есікке» акциясы Шолаққорған ауылында жалғасын тапты - Yvision.kz