«Ертіс» Қазақстан кубогінің ширек финалына өтті
Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алған тағы бір құраманың аты белгілі болды, деп хабарлайды 24 KZ.
Павлодар қаласында қызылордалық «Қайсарды» қабылдаған жергілікті «Ертіс», 2:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің алғашқы бөлімінде қос құрамада бірнеше жақсы мүмкіндіктер болғанымен, есеп өзгермеді. Алғашқы доп тек 56-минутта соғылды. Мергендігімен көзге түскен алаң иесі – Алтынбек Дәулетханов. Ал, ойын соңында Игор Юрин соққан доп есеп айырмасын еселей түсті. Жеңіске жеткен команда енді 19 маусымда өтетін ширек финалға қатысады. Ал, «Қайсар» жарыс жолынан шығып қалды.

