«Ертіс ауданында КММ „Жастар бастамаларын дамыту орталығы“ ашылды»
«Ертіс ауданында КММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ашылды»
8.06.2015жылы Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасының орынбасары Нефедова Наталья Владимировна мен Ертіс ауданының әкімі Дубовицкий Виктор Владимировичпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Жастар бастамаларының орталық салтанаты ашылды. Дубовицкий Виктор Владимирович ашылу салтанатына ризашылығын білдіріп, жастарға тек еңбектің арқасында алға қойған мақсатқа жетеміз деп, - сөз сөйледі. Наталья Владимировна жастарға тек сәттілік тілеп, ашылу салтанатының тұсауын кесті. Мектеп оқушылары флешмоб билеп, ән айтты. Ашылу салтанатынан соң, Ертіс аудандық кітапханасында Нефедова Наталья Владимировна ашық семинар өткізді. Семинар барысында жастардың қалааралық іс-шараларға қатысуына мүмкіндіктері бар екендігін және «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламалары жайлы қысқаша мәлімет берді. Сонымен қатар Наталья Владимировна орталық директоры Қымбат Серікқызына біздің орталық қандай да бір сұрақтар бойынша мүмкіндігінше қол үшін беруге дайын екенін айтты.
